5-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Төртқұлақ"ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "төртқұлақ" ою-өрнегінің жасалу жолдарын және оның тұрмыста қандай қолөнер бұйымдарыңда қолданатындығы жайында оқушыларға мағлұмат беру. Сабақтағы негізгі мақсат — оқушыларды түрлі-түсті қағаздан немесе шыт маталардан, ағаштан ою-өрнек үлгілерін жасап, қолөнер бұйымдарына бейнелеу тәсілін сызып үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
"Төртқұлақ" ою-өрнегінің 60x40 см нұсқасы, ақ, түрлі-түсті қағаз, қалам, қарындаш, өшіргіш, қайшы, желім т.б.
Мұғалім 60x40 см "төртқұлақ" ою-өрнегінің нұсқасын оқушыларға анық көрінетін жерге іледі. Оқушылар сол нұсқаға қарап оюды үш бүктеп сызып үйренеді. Оюды тақтаға сызу өте қиын, өйткені онын, симметриялығы бұзылады, сондай-ақ "төртқұлақ" ою-өрнегінің төрт тармағы түрлі ою-өрнектерінен құралған бірнеше түрлерін көрсету мүмкін емес.
Сабақтың барысы:Мұғалім "төртқұлақ" ою-өрнегін оңай, әрі тез ою әдісін айтып, қолына ою-өрнек қиылатын қағазды алып, оны ортасынан бір рет беттестіріп, бүктеп көрсетеді. Содан соң ол қағазды тағы да екінші рет беттестіре бүктегенін оқушыларға көрсетеді.
Мұғалім жылдам үш рет бүктеген қағаздың тұйық бұрышына қарын-дашпен "төртқұлақ" ою-өрнегінің жарты көрінісін сызып болған соң қолына қайшы алып, қия бастайды. Қиюды қағаздың бүктелген жағынан емес, ашық жағынан бастайды. Қиылып алынған "төртқұлақ" оюын оқушыларға көрсетеді, ал ою-өрнек әдемі де анық көріну үшін басқа түсті қағаз бетіне желімдеп, оны көрінетін жерге іледі.
Оқушыларға түсінікті болу үшін қағазға сызған ою-өрнектің жарты көрінісінің үлгісін тақтаға ірі етіп сызса, оқушылар оны өздері бүктеген қағаз бетіне түсіреді.
Үйге тапсырма:
Төртқұлақ ою үлгісін бірнеше түрін қалындау басқа түсті матадан қиып, шетін сырмаққа ұқсап жиектеп жіппен тік. Сол бір жағы оюланған матаның екінші бетіне бір түсті матадан шаршы тігесің. Сонда жастыққа арналған тыс жапқыш шығады.
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Дөңгелек" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "дөңгелек" оюларының жасалу жолын түсіндіру. Сырты геометриялық пішіндес болып келетін "дөңгелек" ою-өрнегінің ішіне түрлі элементтерді үйлестіріп ком-позиция жасап үйрену керек. Бұл оқушылардың эстетикалық талғамдарын жетілдіруге әсерін тигізеді.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Дөңгелек" ою-өрнегінің 60x40 см мөлшеріндегі үлгі сызылған қағаз, ақ, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш, өшіргіш, желім.
Сабақтың барысы:Оқушылар назарын ілінген "дөңгелек" ою-өрнегіне аударып, оны қалайша тез, әрі оңай жасау тәсілін үйретуге кіріседі. Оқушыларға "дөңгелек" оюын қидырмас бұрын, мұғалім қолына көлемі 60x40 см қағазды алып, оны ортасынан тік жөне көлденең бүктейді. Қағаз екі рет бүктелгенде, төрт қабат болғанын көрсетеді, сол кезде мұғалім екі бүктеліп, төрт қабатталған шаршы формасына ұқсаған қағаздың екі қабатын диагональ бойымен өзіне қарай үшінші рет бүктейді. Енді екі қабат қағазды арғы бетіне қарай бүктейді. Сонда тең бүйірлі үшбұрыш шығады. Осы тең бүйірлі үшбұрыш сияқты бүктелген қағаз бетіне "дөңгелек" оюдың жарты көрінісін қарындашпен салады. Ою-өрнек элементтері олпы-солпы болмай, жинақы, әдемі көрінуге тиіс.
Егер дұрыс сызылмаса, өшіргішпен
өшіріп, түзетіп отыру қажет.
"Дөңгелек" оюды қайшымен ұқыпты
қию керек. Қиылған ою-өрнекті
жайып, оның бүгілген жерлерін
тегістейді. Тегістелген ою-өрнек әдемі
көріну үшін 60x40 см басқа (ақ, сары)
қағазға желімделеді.
Үйге тапсырма:
"Дөңгелек" ою-өрнегін үш бүктеп қиып алып, оны басқа түрлі-түсті қағазға желімдеп немесе бұл қиылған оюды шаршы ағаш бетіне ойып түсіріп, асханада күнделікті қолданатын тақтайша бейнелеуге болады.
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы:. "Ойма" өрнегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "ойма" оюдың жасалу жолдарын түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:Ойма оюдың 60 х 40 см үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш, өшіргіш, мата т. б.
Сабақтың барысы:Оқушыларға ойма оюдың үлгілерін тақтаға сызып көрсетіп, берілген оюдың нұсқасының көлемін 60x40 см алу керек.
Оқушылар ақ қағазға үлгінің көшірмесін түсіргеннен кейін, "ойма" оюды екі бүктеп немесе үш бүктеп қиып алуларына болады. Жалпы тұтас заттың бетін қайшымен ойып, ою-өрнек жасауды "ойма" ою деп атайды.
Ойма оюы сырмақ өнерінде ғана қолданады. Тұтас заттан ойылған екі ойындықтан, екі түрлі сырмақ, жасауға болады. Ал оқушылар, сендер төртбұрышты түрлі-түсті қағазды не матаны тұтас қиып, екі ойындық аласындар, алынған екі ойындықтан екі бұйым жасауға болатынын есте сақтандар.
Үйге тапсырма:
Үйренген оюлардың элементін матадан ойып алып, сол ойылған оюды қалындау төрт бұрышты матаға жымдастырып тіксең, сырмақ пайда болады.
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Қима" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға "қима" оюдың жасалу жолын теориялық тұрғыдан түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар практи-калық сабақтарда қиып жаттықтыру керек.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Қима" оюдың 60x40 см ақ қағазға сызылған үлгісі, мата, түрлі-түсті қағаз, жіптер, қарындаш, сызғыш, желім, т.б.
Сабақтың барысы:Тұтас қағаздан немесе былғарыдан, матадан, кар-тоннан қиып алынған ою-өрнек "қима" ою деп аталады. "Қима" ою-өрнегі қазақ халқының қолөнерінің барлық саласында қолданады.
Үйге тапсырма:
Шаршы ішіндегі "қима" ою үлгісін қалындау матадан қиып, сол үлгіні екінші түсті матаға жымдастыра тіксек түскиіз не кілемге ұқсайтын бұйым пайда болады. Оюдың шетін көктеуді ұмытпа.
9-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Сызба" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сызба оюдың жасалу жолдарын түсіндіру. Бұл оюдың жасалу жолдарының басқа оюлардан ерекшелігі, өрнектің үлгісін ақ қағазға тұтас сызып түсіру керек.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Сызба" ою-өрнегінің 60x40 см қағазға түсірілген нұсқасы, ақ, түрлі-түсті қағаз, қарындаш, тушь, қалам, өшіргіш, ағаш, пышақ, қайшы, желім т.б.
Сабақтың барысы:"Сызба" ою-өрнегінің атынан-ақ көрініп тұрғандай, тұтас қағаз бетіне қаламмен немесе тушьпен сызылып түсіріледі. Басқа ою-өрнектер сияқты бір, екі, үш бүктеліп қиылмайды. Мұғалім көрсетілген ою-өрнек үлгісін бастапқыда оқушыларға өрнекті сызып жаттықтыру үшін ұсынады. Сабақ барысында оқушылар өздерінің талғамы мен ой-өрісіне орай түрлі ою-өрнектердің элементтерінен жаттығулар жасау керек. Сондай жаттығулардың нәтижесінде оқушылардың өздері ойлап тапқан элементтердің пайда болуы мүмкін.
"Сызба" ою кестелеу, зергерлік өнерінде, ағаш оюларында кеңінен қолданылады.
Үйге тапсырма:
Ақ қағазға тушьпен немесе қаламмен "сызба" ою-өрнектің суретін салып жаттығып, өзіңе ұнайтын "сызба" оюдың үлгісін ағашқа ойып түсір. Ол оюды есікке, немесе түрлі тұрмыста қолданатын ағаштан жасалған заттардың беткі тұсына көшіріп бейнелеуге болады.
10-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Шетою" немесе шексіздікке ұластыра ою өрнегі.
Сабақтын мақсаты:"Шетоюдың" жасалуын қиып үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Шетоюдың" 60x40 см ақ қағазға түсірілген үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, қарындаш, қайшы, желім, мата, тушь т. б.
Сабақтың барысы:
-Оқушылар, сендердін үйлерінде әжелеріңнің қолынан шықкан тұскиіз, текемет, сырмақ, кілемдер мен құрақ көрпелер сақталмаса, бұл қолөнер бұйымдарын мұражайлардан көрулеріңе болады. Сол бұйымдардың, жиегін бір ғана ою элементінің шексіз қайталанып көмкергенін аңғарасыңдар. Мұның өзі жіңішкелеу лента іспетті жо-лақтын ішіне орналасады. Осы жолақтың ішінде бір ғана элемент ондаған, тіпті жүздеген рет қайталануы мүмкін. Сонда, қалай ойлайсыңдар, бармағынан бал тамған шебер әжелеріміз оюлардың әрқайсысын жеке-жеке ойып отырған ба?
Әрине, олай емес. Сонда қандай әдіспен ойды екен? Бұдан арғы жолдарды оқымай тұрып, ойланып көріңдерші. Ою-өрнектің бір элементін шексіз қайталанатын жолақ қолөнер бұйымдарындағы киіз, кілем, сырмақтарда т,б заттарда кездеседі. Мұндай жолақтың түрлерін қиып жасаудың сендерге еш қиындығы жоқ. Ол үшін ақ қағазды жіңішкелеу етіп қиып аламыз, өз қалауымызша ұзыңдығы 30-40 см болса жарап жатыр.
Содан кейін бір элементті қанша рет қайталағымыз келсе, әлгі 30 сантиметрлік ұзын қағазымызды соншаға бөлеміз. Айталық, өзіміз таңдаған оюды алты рет қайталағымыз келді. Ол үшін 30-ды алтыға бөлеміз сонда (30: 6=5) бес саны шығады. Демек, қағазы-мызды әрбір бес сантиметрден кейін бір бүктеп отырады екенбіз. Әрине, суреттегідей жебе бағытымен бүктеген дұрыс. Бүктегеннен кейін қажетті ою үлгісін бір жақ бетіне сызып аламыз да, қайшымен көрсетілген тұсынан бастап қырқып шығамыз. Сонда бір-бірімен жалғасып жатқан, шексіздікке ұласқан ою шығады.
Үйге тапсырма:
Қолыңа матадан жасалған лента іспетті жолақты ал, сол лентаны өз қалауың бойынша 5, 8, 10 рет бүктеп қайшымен қи. Содан соң
60x40 см мөлшердегі екінші түсті матанын жиегіне сол жолақтарды тігесің. Шаршы матаның жиегін тұтас шетоюлардың жолақтарымен тігіп болғаннан кейін, бұйымның ортасына "дөңгелек" немесе "төртқұлақ" ою-өрнегін жапсыра тіксе, әжелеріміздің ежелден тігіп келе жатқан тұскиізі пайда болады.
11-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Ромб "ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:"Ромб" ою-өрнегінің 60x40 см төрт бүктеліл ақ қағазға сызылған үлгісін оқушыларға өз беттерімен сыздырып үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Ромб" ою-өрнегінің сызылған үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш, желім, мата, ине, жіп т.б.
Сабақтың барысы:Сырмақ сырып, киіз басып, тұскиіз тігуші ісмерлер өз шеберлігін ә2бден жетілдіріп алғаннан кейін кейбір қарапайым үлгіні алдын ала сызып жатпай-ақ қағаздан бірден қияды. Қию, ою, сызу әдістерін толық меңгеріп, көптеген ою түрлерінің өзіндік ерекшелігін әбден жете біліп алсаңдар, сендер де, әрине, бірден оюға көшесіңдер. Бірақ оған қазірше ерте. Алдымен қолымызды жаттықтырып, көзімізді қанықтырып алайық.
Қазір осы төрттаған ромб түзілген тұтас композицияны ою, қию әдісін үйренеміз.
Суретте көрсетілген нұсқадағыдай, қағаздарынды үш рет бүктеп төрт бұрышты етіп аласыңдар. Содан кейін қарама-қарсы бұрыштарын қосатын қиғаш тартылған үзік сызық бойымен жебе бағытына қарай тағы бір бүктейсіңдер. Сонда бүккен қағаздарың тұмар тәрізді болып шығады. Енді тұмардың бітеу қырын болашақ оюдың нақ ортасы деп есептейік те, қарындашымызды алып, ою үлгісін сызамыз.
Тұмардың қатталған қырларының бір жағынан екінші жағына қарай қайшымен қырқа бастаймыз.
Толық қиып шығып, жыртып алмай, асықпай, еппен қағаздың қаттауы мен бүктеуін жазамыз. Жазамыз да, қыртыстары жайылуы үшін тегіс жерге жатқызып, үстін жайпақ, салмақты затпен бастырып қоямыз. Егер кішігірім болса, кітаптын арасына салуға, әйтпесе бір жақ бетіне желім жағып, түсті қағаздың бетіне тегістеп жапсырып қойса да жарайды. Осы үлгіні бірнеше рет қайталап, әбден жаттыққанша ойыңдар.
Үйге тапсырма:
Қағазды төрт бүктеп сызылған "ромб" оюын қиып, содан соң тұтас оюдың композициясын басқа түсті қағазға желімдейсің. Дайын үлгіні тұрмыста түрлі заттардың бетіне сызып немесе ойып бейнелеуіңе болады.
12-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Төртбұрышты" ою-өрнек.
Сабақтың мақсаты:"Төртбұрыш" ішіндегі үлгіні ою тәсілдерін оқушыларға үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Төртбұрыш" оюының 60x40 см ақ, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қалам, қарындаш, тушь, мата, жіп т.б.
Сабақтың барысы:
-Бұдан былай біз геометриялық пішіндер (фигуралар) ішінде ою үлгілерін қию, сызу тәсілдерін үйреніп шығамыз,
Сендер мынаны есте ұстандар: қазақ оюларының түрлері қайда, қай жерде, қалай орналасуына емес, ішкі элементтерінің неге ұқсауына және олардың қалай ұласуына қарай түр-түрге бөлінген. Мысалы: шеңбер сияқты оюды салсақ, "төртбұрыш ішіндегі" ою демейміз, сырмақ, яки текемет көбіне төрт бұрышты, тік бұрышты, сол себепті пішініне қарап "төрт бұрышты сырмақ ішіндегі ою" десек, әрине ақылға қонбаған болар еді. Біз оюларды бұйымға байланысты атап айтпаймыз, себебі текеметтерге, сырмақтар мен тұскиіздерге бір-бірін кайталамайтын әртүрлі тұтас оюлар салынады. Ал біздің айтып отырғанымыз ромб, төртбұрыш, дөңгелек т.б. ішіне орналасқан оюлардың қию технологиялары. Сондықтан да, сендерге үйренуге жеңіл болсын деген оймен, әдейі геометриялық пішіндердің атын атап отырмыз.
Сонымен әуелі оюды дөңгелек ішіне үйлестіре ою әдісін үйреніп алайық.
Әдеттегідей төрт бұрышты қағазды тең ортасынан бір бүктеп, оны көлденеңінен тағы бір бүгіп аламыз. Содан соң, қарама-қарсы екі бұрышын бір-біріне қосатын нүктелі сызық бойымен қырқып, бір жағын ғана қалдырамыз. Үшбұрыштың қайшымен қиылған қабырғасының бойымен бір немесе жарты сантиметрдей жолақ қалдырып, түзулеп сызып шығамыз. Енді ою үлгісін осы сызықтан асырмай, бірақ жеткізе жалғастыра сызып аламыз да, қайшымен қырқып шығамыз.
Үйге тапсырма:
Ақ қағазға "төртқұлақ" оюының үлгісін сызып, оны төртбұрыштың ішіне орналастыр. Дайын үлгіні басқа түсті қағазға желімде.
13-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Шаршы" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:"Шаршы" ішіндегі ою үлгісін қиып үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:Шаршы өрнегінін 60x40 см ақ кағазға түсірілген үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, қарындаш т.б.
Сабақтың барысы:Ою-өрнектегі оюдағы басты мәселе — қағазды қалай қаттауда. Тік төртбұрыш кағазды тігінен, одан кейін көлденеңінен бүктеп аламыз. Төменгі бұрыштың, бір қабатын қиғаштап, жоғары қарай бүгеміз. Екінші қабатын да дәл осылай келесі бетіне қарай қайыра қабаттаймыз. Үш бұрышталған бөлігін жеке қиып аламыз да, ою үлгісінің жарты сыңарын сызып, сол бойынша қиып шығамыз. Қиындының бүктеуін жазып, тегістеп, қажетті түстегі қағаздың бетіне жапсырып қоямыз.
Оюды қиып жатқанда қайшыны тік ұстап, жүзін кайта-қайта қағаздан ала бермей үздіксіз қырқып шыққан жақсы.
Байқап отырсындар ма, біз ұсынып отырған ою үлгілері бірте-бірте күрделеніп барады. Бұған дейін көрпе, текемет, сырмақ, аяққап, тұскиіз беттеріне салынатын оюлардың қағаздан қиылатын үлгілерімен таныстырып келдік.
Ал мына шаршы ішіндегі ою үлгілері жоғарыда аталған үй мүліктерінде: сандық, кебеже, төсек, яғни ағаштан жасалған бұйымдардың беттерінде ұшырасады. Бір емес, бірнеше саңдықтың бетіне дәл осындай оюды ғана салу керек болса, шеберлер ең әуелі қағаздан үлгі сызып алады.Мұның артықшылығы сол — барлық сандықтың бетіндегі ою біртекті болып шығады. Қандай шебер я ісмер болмасын ең алдымен кағаздан үлгі оюды артық көрмейтіндігі сондықтан.
Үйге тапсырма:
Қазақ қолөнеріндегі көптеген киіз бен матадан жасалған бұйымдар шаршы болып келеді. Егер сен "төртқұлақ" оюын матадан ойып басқа жібек бір түсті матаға жымдастырып тіксең тұскиіз пайда болады.
14-сабақ
Сабақтың тақырыбы:"Бесбұрыш" ою-өрнегі.
Сабақтың мақсаты:"Бесбұрыш" ішіндегі үлгіні ою.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:"Бесбұрыш" ою-өрнегінің 60x40 см үлгісі, ақ, түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы, қалам, қарындаш, мата т.б.
Сабақтың барысы:Мұғалім алдын-ала дайындаған үлгісін оқушы-ларды жаттықтыру үшін пайдаланады. Оқушылар бесбұрыш геометриялық пішіннің ішіне өз қалаулары бойынша түрлі элементтерден құралған өрнектерді үйлестіреді.
Алғашқыда төрт бұрышты қағазды тігінен бір бүктеп аламыз.
Бүктелген қырының нақ ортасын тауып, жоғарғы бұрышынан төмен қарай қиғаштап қаттаймыз. Төменгі бұрышына қарай жебе бағытымен үшінші рет бүгеміз. Осыны тағы бір қабаттайық. Сонда, үш бұрышты пішін шықты. Үш қабырғасы да сәйкес болуы үшін үзік сызық бойымен қайшымен қырқып тастаймыз. Бітеу қырын ою элементінің ортасы деп алып, бір бетіне әлгі элементтің сыңарын саламыз да сызық бойымен қырқып шығамыз.
Болашақ оюларыңның сапасы негізгі элементтің бір сыңарын қалай сызып, қиып шыққандарыңа байланысты. Олай болса біз көрсеткен ою түрімен канағат тұтпай, өздеріңше өзгеше қиюластырып көріңдер. Қиялдарыңа ерік беріп, көңілдерің қалаған ою түрін шаршы ішіне үйлестіре қиып үйреніндер.
Тәжірибе үшін сол жақтағы оюларды да қиып шығуларыңа болады.
Үйге тапсырма:
"Бесбұрыш" ішіндегі үлгіні қағаздан қиып, екінші түсті қағазға желімде. Қиып алынған дайын үлгіні матаға түсіріп қи. Шаршы немесе дөңгелек матаға тігілген "бесбұрыш" ою-өрнегінен үйге қажетті түрлі бұйым жасауға болады.
|